*Астанада ересектер арасында қызылша ауруы өршіп кетті*
582
Астананың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қызылша ауруына қатысты соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері елордада қызылшаның 1890 бастапқы және 532 расталған жағдайы тіркелді, соның ішінде 14 жасқа дейінгі 381 бала бар. Ал 2 жасқа дейінгі балалар арасында қызылшаға шалдығу көрсеткіші төмендеп келеді. Атап айтқанда, 1 жасқа дейінгі балалар арасында 15 процентке (692,7-ден 589,4-ке), бір жастағы балалар арасында 8,5 процентке (880,2-ден 805,3-ке), ал 2 жастағы балалар арасында 21,3 процентке (701,6-дан 551,9-ға) азайды.
"Көрсетілген жастағы сырқаттардың азаюы – бұл қосымша жаппай иммундаудың нәтижесі. Алайда ересектер арасында сырқаттану көрсеткіші өсті, науқастар 25,2-ден 40,2-ге дейін немесе 37,3%-ға артты", - деді Бейсенова бүгінгі брифингте.
Оның айтуынша, қалада инфекцияны көбінесе қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдар таратады. Бүгінде ауырып қалғандардың 68 проценті осы санатқа жатады.
Соңғы жаңалықтар
10.08.2026
22:54
15 жастағы қазақстандық спортшы Азия чемпионаты...
10.08.2026
21:22
Бейжіңде Абайдың «Қара сөздері» 12 тілде таныст...
10.08.2026
20:08
Қытай мен Еуропа арасындағы жүктің 83%-ы Қазақс...
10.08.2026
20:00
Бурабайда туристерді тасымалдаған электроавтобу...
10.08.2026
18:48
Петропавл орталығында әйелдердің гигиеналық зат...
10.08.2026
17:07
Жиһанкез: Ингушетияда қазақпын десем, үйіне қон...