Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі киім брендін ашып, жаңа кәсіп бастады

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі киім брендін ашып, жаңа кәсіп бастады
Фото: коллаж sn.kz

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы әйелдер киімін тігетін жеке брендін іске қосып, кәсіпкерлікке бет бұрды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында TADDS деп аталатын сауда маркасының алғашқы топтамасын ұсынды. Кәсіпкер негізгі бағыт ретінде нәзікжандыларға арналған сәнді екілік костюмдер шығаруды қолға алған. Жаңа топтамадағы киімдердің түстері әртүрлі әрі оларды күнделікті өмірде де, салтанатты жиындарда да киюге болады.

Сондай-ақ кейбір костюмдердің жеңі 8 қабатты қауырсынмен әдіптелген, қажет болған жағдайда бұл сәндік элементті шешіп қоюға мүмкіндік қарастырылған. Топтаманы жарнамалау үшін кәсіби модельдер шақырылмаған, бұйымдарды тіккен Айман Талғатқызы оларды өзі киіп, оқырмандарына таныстырып жүр.

«Тазалықпен, махаббатпен, ұқыптылықпен, сапамен арнайы тігілген екілік», – деп жазды ол.

Кәсіпкер өнімдерін әзірлеу барысында сыртқы әсемдікпен қатар, матаның сапасы мен күнделікті киіп жүруге қолайлы болуына басты назар аударғанын атап өтті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу