Астанада көлік жарылысынан зардап шеккен азамат көз жұмды
1499
Астанада жеңіл көліктің жарылуынан ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатқан Алмас Әдешов қайтыс болды. Бұл туралы оның қызы Aйым әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қаралы хабарды бөліскен қызы әкесінің қиналып кеткенін айтып, әсерлі жазба жариялаған. Сондай-ақ ол отбасылық мұрағаттағы бейнежазбаны жариялап, әкесін еске алды.
Марқұмның қызының айтуынша, жарылыс болған сәтте көлікте ата-анасы мен екі сіңлісі болған. Оқиғадан кейін әкесі жансақтау бөліміне түскен, ал қалған отбасы мүшелерінің жағдайы тұрақты болған.
Еске салайық, қайғылы оқиға Астананың Сарайшық ауданындағы Қ. Аманжолов көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлікте газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шыққан. Салдарынан бес адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген еді.
Соңғы жаңалықтар
07.09.2026
08:18
Шығыс Қазақстанда жер сілкінді
07.09.2026
07:42
Ақтөбеде күйеу баласына оқ атқан полицей 10 жыл...
07.09.2026
05:48
Бүгін 2 бала мен әйелді қағып өлтірген мұғалімг...
07.09.2026
05:01
7 қыркүйекте елдің көп өңірінде ауа райы бұзылады
06.09.2026
17:17
Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын...
06.09.2026
16:22
Қазақстандық тревел-блогер Трамптың ұлына шапан...