Астанада лифтіде жарақат алған екі адамның жағдайы белгілі болды

13.11.2025 23:13 Берік Арманов
Астанада лифтіде жарақат алған екі адамның жағдайы белгілі болды
0
42
Фото: видеодан скрин

Астанада «Арыстан» тұрғын үй кешенінің лифтісінде жарақат алған екі адамның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Екі науқастың жағдайына қатысты қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді.

«Төлебаев көшесінде орналасқан үйдің лифтісін жөндеу кезінде қайғылы жағдай салдарынан лифт компаниясының бір қызметкері оқиға орнында көз жұмды.

Тағы екі қызметкер №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Науқастардың бірінің жағдайы орташа ауыр, ал екіншісінікі ауыр деп бағаланып отыр. Бір науқас анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде, ал екіншісі политравма бөлімінде жатыр. Оларға қажетті барлық медициналық көмек көрсетілуде», – делінген басқарма хабарламасында.

Айта кетейік, Астанадағы «Арыстан» тұрғын үй кешенінде төтенше жағдай болды: тұрғын үйдегі лифт 7-қабаттан 1-қабатқа дейін құлап түсіп, бір адам қаза тапты, тағы екі адам жарақат алды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий