Астанада мүгедектігі бар әйел сот ғимаратының пандусынан құлап кетті (ВИДЕО)

Астанадағы сот ғимаратының алдындағы пандуста оқыс оқиға болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Арбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі әйел арнайы пандус арқылы ғимаратқа кірмек болғанда, трос үзіліп кеткен. Әйел арбасымен бірге құлап кеткен.
Астана қаласының соты оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Лифт көтеріліп келе жатқан кезде трос үзіліп, салдарынан сот отырысына келген әйел шамамен 70–80 сантиметр биіктен құлап түсті. Сот приставтары дереу жедел жәрдем шақырып, зардап шеккен азаматшаға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Әйел ауруханада, есін біледі», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Оқиға орнына «Капитал Лифт» ЖШС қызмет көрсетуші компаниясының өкілдері келген. Алдын ала деректерге сәйкес, оқыс жағдайға трос себеп болған.
«Оқиғаның нақты мән-жайын анықтау мақсатында Есіл ауданының полиция қызметкері тексеру жүргізді. Департамент бұл туралы дереу полиция органдарына хабарлама жіберді. Жағдай соттың бақылауында», – делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар





