Астанада құтқарушылар 9 қабаттан секірмек болған қызды құтқарып қалды (ВИДЕО)
1266
Астанада құтқарушылар 16 жастағы қызды қауіпсіз жерге шығарды
31 мамыр күні Астанада көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатында қауіпті жағдайда тұрған 16 жастағы қыз құтқарылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға Б. Майлин көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған. Куәгерлер пәтер терезесінің алдында тұрған жасөспірімді байқап, жедел қызметтерге хабар берген.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар пәтер есігін ашып, қызға жеткен. Мамандар оны қауіпсіз жерге шығарып, аман алып қалды. Қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде тұрғын үйдің маңына арнайы құтқару жастығы («өмір кубы») орнатылған.
Құтқарылған жасөспірімнің 2010 жылы туғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
23:17
Алматыда оқушылар жаппай уланып қалды: Аурухана...
14.10.2026
22:30
Қарағандыда мас күйде жолаушы тасымалдаған авто...
14.10.2026
21:54
Досаевтың шаңырағында жаңа бизнес
14.10.2026
21:29
Дастан Сатпаевтың матчқа қатыспау себебі белгіл...
14.10.2026
20:08
Қазақстанда ресейлік әнші Navai есірткі контраб...
14.10.2026
19:17
«Льдинка» кафесіндегі төбелес: Алматыда танымал...