Астанада сырғанақ теуіп жүрген баланы көлік қағып кетті

Астанада тұрғын үйдің пандусынан сырғанап түскен 10 жастағы баланы көлік қағып, ол түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Оқиға 10 наурыз күні сағат 16:45 шамасында Аманжол Бөлекпаев көшесіндегі үйдің ауласында болған.
Жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы Instagram желісінде тарады. Бейнебақылау камераларының кадрларында баланың сырғанап түсіп, тұрғын үйлер арасындағы жолға шығып кеткені және сол сәтте Mitsubishi автокөлігінің оны қағып кеткені анық көрінеді.
Полиция департаментінің мәліметінше, баланың жарақаты ауыр болғандықтан, оны дереу ауруханаға жеткізуге тура келген. Құқық қорғау органдары оқиға бойынша тексеру жүргізіп жатыр.
Астана полициясы жүргізушілерді аула аумақтарында барынша мұқият болуға және жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырды.
Соңғы жаңалықтар





