Астанада талай сәбиді аман алып қалған жас дәрігер мезгілсіз көз жұмды

Астанада талай сәбиді аман алып қалған жас дәрігер мезгілсіз көз жұмды
06.10.2025 13:00
0
428
1 қалалық ауруханасы

Астанадағы №1 көпбейінді балалар ауруханасының жас әрі білікті дәрігері, балалар анестезиологы және реаниматолог Александр Грабтың мезгілсіз қазасы көпшіліктің жүрегін ауыртты.

Ресми деректерде дәрігердің өліміне нақты не себеп болғаны көрсетілмегенімен, оның өмір жолы мен кәсіби қызметі жайлы жылы естеліктер әлеуметтік желілерде кеңінен таралып жатыр. Көптеген ата-ана өз балаларының өмірін сақтап қалған дәрігердің қайтыс болуына байланысты терең қайғырып, отбасы мен әріптестеріне көңіл айтуда.

Аурухананың баспасөз қызметі Александр Васильевич Грабтың қазасына байланысты ресми мәлімдеме таратып, оның өмірін балалардың денсаулығына арнағанын атап өтті. «Балалар анестезиологы және реаниматолог дәрігері Александр Васильевич Грабтың қайтыс болғанын терең қайғымен хабарлаймыз. Ол бүкіл ғұмырын балалардың өмірін аман алып қалуға арнады. Ұзақ жылдар бойы жансақтау бөлімін басқарып, көптеген кішкентай науқастардың өмірін сақтап қалуға үлес қосты. Александр Граб — өз ісінің шебері, қамқор әріптес әрі үлкен жүректі азамат еді. Оның есімі мен еңбегі әріптестерінің және емделушілерінің жадында мәңгі сақталады», – делінген хабарламада.

Александр Грабтың күтпеген қазасы медициналық қауымдастыққа да, оны білетін жандарға да ауыр соққы болды. Ол өз кәсібіне адал, балалардың өмірі үшін күрескен дәрігер ретінде есте қалды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий