Астанада жалаңаш ер адам балаларға пышақпен жүгірген
1154
Астанада Петрова көшесі, 2-мекенжайындағы тұрғын үй ауласында 39 жастағы ер адам елді дүрліктірді. Ер адам жалаңаш күйде балалар алаңындағы бүлдіршіндерді шошытқан, деп хабарлайды Politico.kz.
Куәгерлердің айтуынша, ол қолына пышақ ұстап, алаң ішінде жүгіріп жүрген. Сонымен қатар айналасындағыларға айғайлап, балаларға да қоқан-лоқы көрсеткен.
Оқиға кезінде қорыққан ата-аналар мен балалар жан-жаққа қашып, бірден полиция шақырған. Құқық қорғау органдары шамамен 20 минут ішінде жетіп, ер адамды ұстап алған.
Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешбір бала зардап шеккен жоқ. Полиция мәліметінше, күдікті Алматы аудандық полиция басқармасына жеткізілген. Сот шешімімен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Қазіргі уақытта ер адамның мұндай әрекетке не себеп болғаны анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
23:32
Ерлан Қарин Джеки Чанмен Қазақстандағы киножоба...
06.10.2026
23:28
Аптасына екі, жылына 120 кітап оқимын — Айдос С...
06.10.2026
23:17
Айдос Сарым: Билікті қатты сынап жүргендердің о...
06.10.2026
23:00
Блогер Дастан Мұхамедрахым: Менің үйім де, көлі...
06.10.2026
22:11
Айтуған Ғалымов: Әйелімнің тісін сындырған жоқпын
06.10.2026
21:49
Дастан Мұхамедрахым: Маңғыстаудікіндей табиғат ...