Астанада жарылыс болып, бірнеше адам зардап шекті (ВИДЕО)
Астанада наубайханада болған жарылыстың салдарынан 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Алматы ауданы М.Жұмабаев көшесінде екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты тандырханада өрт шыққан.
«ТЖД бөлімшелері келгенге дейін тұрмыстық газ баллонының газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, нәтижесінде ғимарат жартылай қираған. Құтқарушылар негізгі ғимаратқа өрттің таралуына жол бермей, жедел түрде 5 газ баллонын шығарды. Өрт толығымен сөндірілді», - делінген хабарламада.
Күйік алған 4 қызметкер ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің жағдайы анықталып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
21:35
Төрт қазақстандық боксшы U19 әлем чемпионатының...
26.10.2026
20:15
Таиландтың Пхукет аралында толассыз жауыннан ке...
26.10.2026
19:37
Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірімнің ая...
26.10.2026
18:50
Павлодардағы перинаталдық орталық шала туған нә...
26.10.2026
17:22
«Жұмыс кезінде тоқ соқты»: Алматыдағы құрылыста...
26.10.2026
16:43
Ыстанбұлда қаза тапқан қазақстандық қыздың ісі ...