Астанада жылу қашан беріледі?

20.09.2025 17:17 Мөлдір Талғат
Астанада жылу қашан беріледі?
292
pixabay.com

Астана әкімдігі жылыту маусымы қашан басталатынын айтты.

Бұл туралы Astana TV мәлімдеді.

 

"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V шешімімен бекітілген Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, елордада жылыту маусымы көшедегі тәуліктік орташа ауа температурасы +10 °С және одан төмен деңгейде қатарынан бес күн сақталғанда басталады", — деп хабарлады ведомство.

"Қазгидромет" деректері бойынша, қыркүйектің үшінші онкүндігінде елордада ауа температурасы түнде +3...+8°С-тан -1...-6°С-қа дейін төмендеп, күндіз +17...+22°С-тан +8...+13°С-қа дейін төмендейді. Кейіннен ауа температурасы қайтадан түнде +3...+8°С-қа, күндіз +17...+22°С-қа дейін көтеріледі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий