Астанадағы Backstreet Boys –тың концертіне 45 елден 12 мыңнан астам турист келеді

Астанадағы Backstreet Boys –тың концертіне 45 елден 12 мыңнан астам турист келеді
16.09.2025 16:01
0
94
Фото:depositphotos.com/s_bukley

21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында тарихи оқиға өтеді – Қазақстанда алғаш рет аңызға айналған Backstreet Boys тобы өнер көрсетеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Елорда әкімдігінің хабарлауынша, әлемде 130 миллионнан астам альбом сатқан ең табысты поп-топтардың бірі Астананы әлемдік турнесіне қосты. 
2025 жылы бұл ұжым Лас-Вегаста рекорд орнатқан болатын: The Sphere кешеніндегі шоу тарихтағы ең сатылымды концертке айналды – бір күнде 500 мыңнан астам билет сатылды.
Астанаға өтетін концертке Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдерден 45 мемлекеттен 12 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде.
Кештің ұйымдастырушысы – «Астана Концерт» компаниясы дресс-кодты Total White деп белгілеп, шоудың стиль мен бірлік атмосферасын қалыптастыруды көздеп отыр.
Қазақстандық әлеуметтік желілерде қазірдің өзінде #GetReadyWithMe тренді кең таралып жатыр: жанкүйерлер бала кездегі кумирлерімен кездесу дайындығымен бөлісуде. Backstreet Boys концерті Астанада тек әлемдік жұлдыздардың өнер көрсетуі ғана емес, елорда тарихына енетін нағыз мәдени оқиға болмақ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий