АТАДАН ЖАЛҒЫЗ ҒАНА ТҮЙІР ЕДІҢ
1762
АТАДАН ЖАЛҒЫЗ ҒАНА ТҮЙІР ЕДІҢ
Әкешім! Айналайын, әкетайым,
Жан едің елпілдеген қарапайым.
Мейірленіп қарайтын нұр жүзіңді,
Сағынумен жүрмін жыл өткен сайын.
Ұлды өсіріп қондырдың ұясына,
Қызды ұзатып жібердің қиясына.
Өзің дағы аттанып кете бардың,
Ит үрмейтін ауылдың ортасына.
Атадан жалғыз ғана түйір едің,
Жастайымнан мен саған үйір едім.
Шаруаға болысып, атыңды ерттеп,
Отын тасып, шөбіңді үйіп едім.
Қара қызым, құлыным, Күлшәнім деуші ең,
Еркелесем қуанып күлімдеуші ең.
«Басқалары бір төбе, аман болсын
Осы қызға жетпейсің бірің», – деуші ең.
Өзіңнің ақ батаңды алған жанмын,
Артыңда ұрпағың боп қалған жанмын.
Иіс шығарып, бағыштап құран оқып,
Өз жолымды саралап салған жанмын!
Күлшән НҰРБЕКОВА
«Мезгіл әуендері» жыр жинағы
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...