"Ата-енеден жалпылдау күтпеңдер": Қымбат Әбілдақызы жас келіндерге кеңес берді
Белгілі журналист Қымбат Әбілдақызы әлеуметтік желідегі парақшасында ене мен келін қарым-қатынасы туралы ой қозғап, жас келіндерге үндеу жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, бұл тақырып қоғамда әрдайым қызу пікірталас тудырады, алайда ортақ ойға келу үшін ашық сөйлесу маңызды.
"Әрине, мен де өздеріңіздей пендемін. Сұрақтарыңызға жауабым талас тудыруы мүмкін. Алайда сол пікірталастан бірімізден-біріміз оймақтай ой алып, оянсақ, ойлансақ, мақсатқа бірге жетеміз", – деді ол.
Сонымен қатар жазба авторы бұл пікірі көпке бірдей жақпаса да, үлкендердің жүрегіне жылылықпен жол табу керектігін баса айтты.
"Бұл жолы кейбір келіндеріме ұнамауым әбден мүмкін. Шындық жалпыға бірдей жақпайтынын білемін. Бірақ айтпауға арым жібермейді. Айналайындарым, "дос жылатып айтады" деген халық даналығы да жанашырлықтан туған. Жас кезде ата-енеден жалпылдау күтпей, өздерің жарқылдап жүріп, ет жүрекке кіріп алыңдар. Үлкендер бордан келеді, езілтіп, елжіретіп "жеңіп" алсаңдаршы", – деп жазды Қымбат Әбілдақызы.
Соңғы жаңалықтар