"Атпен сүйреп өлтірмеген": Айзат Жұманованың қайын атасы өз шындығын айтты

23.07.2025 18:51
0
1284

Белгілі журналист Руслан Өтепбай марқұм Айзат Жұманованың өліміне қатысты оның күйеуінің әкесінен эксклюзивті сұхбат алды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 22 маусымда Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында болған. 30 жастағы Айзат Маратқызы күйеуінен ауыр соққы алғаннан кейін ата-анасының үйіне жеткізілген. Артынша аудандық ауруханаға апарылғанымен, ол жақта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, Талдықорған қаласына жөнелтілген. Алайда, уақыт тым кеш болғандықтан, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Руслан Өтепбайдың айтуынша, күдіктінің әкесі өз ұлына тағылған кейбір айыптарды жоққа шығарды.

Атап айтқанда, "Айзатты атпен сүйреп өлтірді" деген ақпаратты шындыққа жанаспайды деп отыр. Сондай-ақ, қайғылы жағдай болған күні Айзаттың ата-енесі басқа қалада болғанын, үйде тек ерлі-зайыпты және олардың екі жасар қызы ғана қалғанын жеткізді.

"Келіншегім бірге кетті ғой. Сол кезде Айзат қорылдап жатыр деді. Шамасы, күйеуі мен екеуінің арасында кикілжің болған. Енді ол кикілжің бір жақтан болмайды ғой. Маған келін боп түскенге дейін не болғанын білмеймін ғой?.." – деді күдіктінің әкесі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий