"Аттан": Амантай қажы Алматыдағы көпірді бояп жатқан кезінде байқалды

18.09.2025 18:42
0
226
Көпір астында сурет салған Амантай қажы

Алматыда көпірге сурет салған Амантай қажы жауапқа тартылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Белгілі қоғам белсендісі Амантай қажы Алматыдағы жақында жөндеуден өткен көпірдің тіреуіне жазу жазып, қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл арқалады.

Бүгін, 18 қыркүйекте, әлеуметтік желілерде Сейфуллин мен Райымбек даңғылдарының қиылысындағы көпір астында қызыл бояумен жазу жазып жатқан ақсақалдың суреті тарады. Ол көпір тіреуіне қызыл түспен «Аттан» деп жазған. Көп ұзамай суреттегі адамның қоғам белсендісі Амантай қажы екені белгілі болды.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Департаменттің хабарлауынша, Амантай қажымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Айта кетейік, «Аттан» Амантай қажы басқаратын ядролық қаруға қарсы күресетін қоғамдық ұйымның атауы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий