Атырауға тасқын судың көп бөлігі мамыр айының басында келуі мүмкін
Атыраулық ғалымдар өңірге тасқын судың көп бөлігі мамыр айының басында келуі мүмкін екеніне болжам жасап отыр.
Атырау облыстық жедел штаб жанындағы зерттеуші ғалымдардың жұмысшы тобы бар. Аталған топтың мүшесі Арман Жұмағазиевтің айтуынша, Жайықпен келетін мол су мамыр айының басында өзеннің арнасына шығып, тасуы мүмкін.
Облыстық жедел штабтың мәліметінше, бүгін, 24 сәуірдегі таңертеңгі сағат 08:00-де Атырау қаласы гидробекетте Жайық өзенінің деңгейі 422 см-ге жеткен.«Су тасқынына байланысты көп жылғы деректерді сараптау, ескеру керек. Осы тұрғыдан бұрынғы деректерге сараласақ, Атырау облысының аумағына тасқын судың көп бөлігі әдетте мамыр айының ортасында келгенін білеміз. Бірақ, биылғы жылы Ресей Федерацясының аймағынан мол су келіп, көктемгі тасқынның ерте басталуына себеп болып отыр. Батыс Қазақстан облысының аумағымен төменге қарай аққан су Атырауға шамамен 6-7 күнде келеді. Осындай болжамға сүйенсек, 2-3 мамыр күндері Жайық өзенінің Атырау облысындағы арнасы толуы мүмкін», - дейді ғалым Арман Жұмағазиев.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жағалауға 2,7 млн құм толтырылған қап төселгенін жазған едік. Кейін Атыраудың Махамбет ауданында Жайық өзенінің жайылмасына су шыққанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Махамбет ауданында Жайық маңындағы жыралар ашылып жатыр.«Бұл өңірде Жайық өзенінің қауіпті деңгейі – 550 см. Су тасқынының қаупіне байланысты 24 сәуір күнгі мәлімет бойынша Атырау қаласындағы Жайық жағалауына 229,6 шақырым бөгет тұрғызылды», - деп мәлім етті облыстық жедел штабтан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
17:36
Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі...
31.10.2026
16:27
«Салықтарым қайда кетіп жатыр?»: Танымал актер ...
31.10.2026
15:35
80 жыл бұрын неміс тұтқынында болған әйгілі қаз...
31.10.2026
14:39
Қазақстанда Pin-Up букмекерлік кеңсесінің иелер...
31.10.2026
14:18
«Жаңа адамдар» қозғалысы БҰҰ форумында Каспий м...
31.10.2026
13:42
Шымкентте 4 млрд теңгеден астам алаяқтық жасады...