Атырау әуежайында ер адам "жарылғыш зат" бар екенін мәлімдеген

09.11.2025 15:51 Айсұлу Мұрат
Атырау әуежайында ер адам
0
60
әлеуметтік желі

Ер адам қол жүгінде жарылғыш зат бар деп мәлімдеген, бірақ тексеріс нәтижесінде ақпарат расталмады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жолаушыларды эвакуацияланған сәт түсірілген видео жергілікті БАҚ-та жарияланды. Аталған жайтты көліктегі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 8 қараша күні болған.

Атырау қаласының әуежайында «Атырау - Алматы» бағыты бойынша рейске тіркелу кезінде ер адам қол жүгінде жарылғыш зат бар екенін айтып, жалған ақпарат таратқан. Аталған дерек бойынша көліктегі полиция департаменті Қылмыстық кодексінің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды, - делінген ресми түсініктемеде.

Сонымен қатар оқиғадан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ екені және әуежай жұмысы қалыпты режимде жалғасып жатқаны нақтыланды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий