Атырау-Индер тас жолында жол опырылып түсті
Желіде тараған видеодан жүк көлігінің жолдың опырылған бөлігіне тіреліп, тоқтап қалғанын байқауға болады. Ал жанында жеміс-жидек шашылып жатыр.
Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұхановтың айтуынша, бұл аумақта жедел қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдың 27-ші шақырымы уақытша жабылды.
"Талдыкөл ауылындағы газ құбырынан су ағып, жол опырылып түсті. Зардап шеккендер жоқ. Газ құбыры немесе газ таратудың зақымданғаны туралы дерек тіркелген жоқ. Мамандар жедел қалпына келтіру жұмыстарын жасап жатыр", - деді әкім орынбасары.
Жол бүгін, 17 мамыр күні кешке дейін толық қалпына келтіріледі дейді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
12:08
Тоқаев бюджет қаржысының әр тиынына бақылау орн...
31.10.2026
10:25
«Ұнамаса, шығып кет»: Астанада мектептегі жанж...
31.10.2026
09:45
“Әжесінен алты ай бұрын алып кеткен”: Бес жасар...
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...