Атырау мен Ақтауға жаңа прокурорлар тағайындалды
Атырау мен Ақтау қалаларына жаңа прокурорлар тағайындалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Атырау қаласының прокуроры қызметіне Мерген Өмірбекұлы Меңдіғалиев тағайындалды.
Меңдіғалиев Мерген Өмірбекұлы - 1989 жылы 28 қарашада Атырау қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған дейін ол Маңғыстау облысы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасын басқарған.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласының прокуроры қызметіне Дауылбай Нұрлыбайұлы Челпеков тағайындалды.
Челпеков Дауылбай Нұрлыбайұлы - 1997 жылы Ақтау қаласының Қызыл-төбе елді мекеніндегі №18 орта мектепке 1-сыныпқа барып, 2005 жылы Ақтау қаласындағы №14 жалпы білім беру орта мектебіне ауысып, 2006 жылы 9 сыныбын аяқтады. 2009 жылдары аралығында «Қайнар» колледжінің Ақтау қаласындағы филиалының «құқықтану» мамандығын үздік аяқтады. 2012 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Заң» факультетін үздік бітірді. 2014 жылы жоғарыда аталған жоғары оқу орнының құқық магистранты дәрежесін алды.
2013 жылдың 18 қаңтарынан бастап прокуратура органында, атап айтқанда, Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі лауазымында қызмет атқардым. 2017 жылдың қараша айынан бері Ақтау қаласы прокуратурасының қоғамдық мүддені қорғау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған. 2023 жылғы ақпан айынан бастап Мұнайлы ауданының прокуроры қызметін атқарды.
Соңғы жаңалықтар