Атырау облысында жоғалған ерлі-зайыптылардың мәйіті қалай табылды?

15.01.2026 11:07 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Атырау облысында жоғалған ерлі-зайыптылардың мәйіті қалай табылды?
0
283
Фото: коллаж POLITICO.KZ

Атырау облысының Жангелдин ауылында ерлі-зайыптының қаза табуы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Qazaq Airan жобасының тілшісі оқиға орнына барып, марқұмдардың туыстарымен тілдесті, деп хабарлайды Politico.kz.

Қаза тапқан Максот Қарабалиннің туған бауыры Шалқар Мұқанғалиев мәйіттердің қалай табылғанын айтып берді. Оның сөзінше, үй мен шаруашылық құрылыстарын тексеру Алматы мен Астанадан келген құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген. Тексеру түнгі сағат үшке дейін созылып, кейін үй мөрленген. Келесі күні іздеу жұмыстары қайта жалғасқан.

«Біз сарайды тағы бір рет түгел қарап шықтық. Киімдердің қалталарын, мүмкін болатын айғақтарды тексердік. Іздеуге мен, әпкем Фаризат, туыстарымыз Қанат пен Мұрат, бірнеше ауыл тұрғыны және бір әскери қызметкер қатысты. Сол кезде ауыл ақсақалдарының бірі диванның астын қарауды ұсынды», – дейді ол.

Диванды көтерген кезде астынан кілем мен линолеум шыққан. Ал олардың астында бұрын бетон құйылған болуы тиіс жерде жұмсақ, қопсыған жер болған. Бұл күдік тудырып, сол аумақты қазу туралы шешім қабылданған.

«Біраз уақыттан кейін бізді сыртқа шығарып, әрі қарай арнайы топ жұмыс істейтінін айтты. Бір метрден астам қазған соң адам денесінің белгілері көрінді. Мені ішке шақырды, сол кезде өз қолыммен ағамның мәйітін алып шықтым», – дейді Шалқар Мұқанғалиев.

Оның айтуынша, марқұм үй киімінде болған, аяғында шұлықтары бар. Ал оның астынан жұбайының мәйіті табылған. Ауыр иіске байланысты екінші денені өзі шығара алмаған, оған ауылдың жас жігіттерінің бірі көмектескен.

«Алдымен жеңгемді, үстіне ағамды қойған. Екеуін бірге жерледі», – деп қосты ол.

Киімдерінде қан іздері болды ма деген сұраққа Шалқар Мұқанғалиев қатты күйзеліс пен мәйіттердің топырақ астында жатуына байланысты нақты байқай алмағанын айтты. Дегенмен, әйел адамның үй халатында жерленгенін нақтылады.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр, барлық мән-жай анықталуда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий