Атырауда 12 жастағы қызға тиіскен ер адамға іздеу жарияланды

07.08.2026 09:34 Әсел МҰРАТ
Атырауда 12 жастағы қызға тиіскен ер адамға іздеу жарияланды
139
Фото: ашық дереккөз

Атырау қаласында 12 жастағы қызға тиісіп, қорқытқан ер адамға іздеу жарияланды. Ата-анасы құзырлы органнан бұзақыны табуды талап етеді. Олардың айтуынша, қыз қашып құтылмаса, арты зорлық болуы да мүмкін еді. Жеткіншек бұл жағдайдан кейін үрейленіп, күйзеліске түскен, деп хабарлайды Politico.kz КТК телеарнасына сәлтеме жасап.

«12 жастағы қызыма белгісіз еркек зорлық көрсетпек болды» деген ата-ана құзырлы органның бейқам тірлігіне ашынады. Оқиға 2 тамыз күні Атырау қаласы Еркінқала-2 ықшамауданында болған. Түнгі он шамасында ойын алаңынан қайтып келе жатқан қызға ер адам күш көрсетіп, қорқытқан. 

«Қорқытқан, көзін бақырайтып тұрып ұрсып қорқытқан ғой. «Маған арақ алып бер» деген. Жақсы, алып берейін, жіберіңізші мені, онда дүкенге апарыңыз» деген қызым. Не болса да, дүкен жақтан көмек сұрайн деген ғой. Тоқтаған да, «ернімнен сүй, ерніңнен сүйгізші» деген, жақындатып жатқан кезде қызым желке шашынан ұстап тартқан сол кезде қолы босап, қызым тұра қашқан», - дейді жәбірленушінің анасы Балауса Өтеуова. 

Үйге ентіге жеткен қыз болған жайтты ата-анасына үрейленіп айтқан. Дереу полиция шақырған. «Бірақ олардың жайбарақат тірлігі  қанымызды қарайтты» деп, ата-анасы қапалы. Олардың айтуынша, ақпарат құралдарына хабарласқаннан кейін ғана әрекет ете бастаған. 

Ата-анасының айтуынша, полиция бұл көшедегі бірде-бір бейнекамера жұмыс істемейді деп жауап берген. Бірақ оқиға болған жердегі тұрғын үйдің бірінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қыз баланы белгісіз адамның тоқтатып, біраз уақыт ұстап тұрғаны, одан соң ертіп алып бара жатқаны жазылған. Бұл оқиға бойынша Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын, күдіктінің кім екенін анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру жүргізіп жатқанын айтты. 

«Ал қызым үрейленіп, үйден шыға алмай қалды» деген ата-ана полиция бұзақыны ұстап, заң алдында жазасын берсін деп талап етеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий