Атырауда 80 жастағы зейнеткер 8 баласын сотқа берді
695
Атырауда қараусыз қалған 80 жастағы зейнеткер 8 баласын сотқа берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ақсақал сотта 10 жылдан астам уақыт жалғыз тұратынын айтқан. Туыстарының ішінде 1 баласы ғана хабарласып, қалған балалары мен бір немересі моральдық, материалдық көмек көрсетпеген.
Зейнеткер денсаулығына байланысты балаларынан алимент талап еткен.
«Заңға сәйкес көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз тұлға еңбекке қабілетті кәмелетке толған бала-немерелерінен алимент талап етуге құқылы, - дейді қалалық сот.
Сот шешімімен зейнеткердің тамағы мен дәрі-дәрмегіне балалары мен немересінің әрқайсысынан 11 796 теңге алимент өндірілді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...