Атырауда белгісіз ер адам 8 жасар қызды алып кетпек болды

Атырауда белгісіз ер адам 8 жасар қызды алып кетпек болды
30.09.2025 12:27
0
240
Сурет: Ашық Дереккөз

Атырауда кішкентай қызды ұрлау әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.

29 қыркүйекте Атырау қаласындағы Нұрсая Болашақ шағын ауданында белгісіз ер адам сегіз жасар қызды алып кетпек болды. Оқиға кешкі уақытта болған.

Жанынан өтіп бара жатқан адамдар бөгде ер адамның қызды ертіп бара жатқанын байқап, араша түскен.

Кешкісін белгісіз ер адам сегіз жасар қызды қолынан жетектеп, белгісіз жаққа алып бара жатқанын жолдан өтіп бара жатқан әйелдер байқап қалған. Олар бірден полицияға хабар берген. Мұны көрген күдікті қашып кетуге тырысқан.

Алайда, оқиғаға куә болған бір топ жігіт оны қуып жетіп, ұстап алған. Осылайша, тұрғындар полиция келгенше 20 минут бойы күдіктіні өздері ұстап тұрған.

Ұсталғаннан кейін ер адам полиция шақырған әйелге егер полицияға хабарлассаң, сені өлтіремін деп қорқытқан.

Полиция департаменті 1987 жылы туған күдіктінің ұсталғанын растады. Қазіргі уақытта оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий