Атырауда боди-массажға барған ер адам қаза болды

11.11.2025 09:33 Берік Арманов
Атырауда боди-массажға барған ер адам қаза болды
0
75
Фото: freepik.com

Атырауда массажист пен клиент арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ «Ақ Жайық» порталына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Атырау сотында қаралып жатыр делінген іс туралы ақпарат тарады.

Мәліметтерге қарағанда, айыпталушы — 30 жастағы әйел, ол боди-массажист болып жұмыс істеген және клиентін өлтірді деген күдікке ілінген.

«Белгілі болғандай, оқиға жаз айларында әйел келушілерді қабылдайтын пәтерде болған. Әйел мен ер адамның арасында жанжал туындап, оның барысында әйел клиентіне пышақ салған деген болжам бар. Жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған», — делінген хабарламада.

Массажист өзі полиция мен дәрігерлерді шақырған. Кейін ол ұсталды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі мұндай мән-жаймен іс сот өндірісінде жоқ екенін хабарлады.
Алайда полиция оқиғаның жазда болғанын растады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий