Атырауда екі полицей пара алды деген күдікпен қамалды

07.01.2026 18:10 Арман Ермеков Арман Ермеков
Атырауда екі полицей пара алды деген күдікпен қамалды
0
219
Фото: polisia.kz

Атырау облысы Мақат ауданында мас жүргізушіден пара алған екі полиция қызметкері әріптестерінің көзінше ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

Оқиға жол ережесін бұзған көлікті тоқтатудан басталған. Рөлде ішімдік ішіп отырған жергілікті тұрғын жүргізуші куәлігінен айырылып қалмау үшін тәртіп сақшыларына 300 мың теңге берген.

Кейбір дереккөздердің мәліметінше, полиция қызметкерлері ақшаны алғанымен, уәдесінде тұрмаған. Жүргізуші бәрібір әкімшілік жауапкершілікке тартылып, хаттама рәсімделген. «Келісім» бұзылған соң ер адам берген қаражатын қайтаруды талап еткен. Ақшасы қайтарылмағаннан кейін ол Өзіндік қауіпсіздік қызметіне жүгініп, арыз жазған.

Арыз 2025 жылдың 24 желтоқсанында тіркелді. Сол күні аудандық полиция бөлімінде жеке құрамның жалпы жиналысы өтіп жатқан сәтте екі полиция қызметкері де ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірден басталып, полицейлер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қызметтік тексеріс қорытындысымен қос қызметкер теріс қылықтары үшін ішкі істер органдарынан шығарылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий