​«Қазақ шежіресінен орын табылмады»: Фариза Ескермес дәстүрге ренішін білдірді

​«Қазақ шежіресінен орын табылмады»: Фариза Ескермес дәстүрге ренішін білдірді
Фото: instagram.com/fariza_yeskermes

Танымал актриса Фариза Ескермес қазақ шежіресінде қыздардың есімі жазылмайтынына ренішін білдіріп, көпшілікке ой тастады, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында татар ұлтынан шыққан жұбайы Андрейдің әулет шежіресін көрсетті. Онда актрисаның есімі күйеуінің атымен қатар жазылған. Осы жайтты алға тартқан Фариза өз руы — Ыстының шежіресінен өзіне орын табылмағанын жазды:

«Ал, татарлардың шежіресіндемін… Өзіміздің Ысты руының шежіресінен орын табылмай, татар елінің шежіресінде жүрмін… Біздің дәстүрге өкпем қара қазандай, байқасаңыз. Қазақ қыздарының шежіреде болмауы қайдан басталған дәстүр? Маған осы сұраққа сауатты жауап беретін адам бар ма? Шын мәнінде тыңдағым келеді…», — деп бөлісті актриса.

Желі қолданушылары бұл жазбаға қатысты екіұшты пікір білдіруде. Бір тарап дәстүр бойынша қыз баланың «жат жұрттық» саналатынын және жеті атаның тек ер балалар арқылы таратылатынын түсіндірсе, екінші бөлігі соңғы жылдары құрастырылып жатқан заманауи шежірелерде қыздардың да есімі жазыла бастағанын алға тартты.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу