Атырауда қоқысқа толған пәтерден зейнеткердің мәйіті табылды

Атырауда қоқысқа толған пәтерден зейнеткердің мәйіті табылды
03.05.2025 16:01
0
91
видеодан алынған кадр\ Stan.kz

Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 60 жастағы ер адамның мәйіті оның қоқысқа толы пәтерінен табылды. Көршілер бірнеше күннен бері үйден тараған жағымсыз иіске шыдай алмай, полиция шақырған. Кейін ер адамның бірнеше күн бұрын көз жұмғаны анықталды,  деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Марқұмның көршілерінің айтуынша, ол жылдар бойы үйіне қоқыс жинаған. Қайғылы жағдайдан кейін кіреберіс адам төзгісіз иіске толып, тұрғындар өз беттерінше қаражат жинап, қалдықтарды шығару үшін жұмысшыларды жалдаған. Алайда, барлық қоқыс сыртқа шығарылғанымен, сасық иіс әлі де кетпей отыр.

Әкімдік бұл мәселеге байланысты түсініктеме беріп, арнайы бригада пәтерді тазалағанын, ал санитарлық-эпидемиологиялық қызметке ресми хат дайындалып жатқанын хабарлады.

Санитарлық қызметтерге ресми сұрау жолданады. Пәтерді дезинфекциялау да жоспарланып отыр, - деді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлеген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий