Атырауда түрмедегі адам аузын тігіп, тамырын кесіп тастады

09.05.2025 07:50 Admin
Атырауда түрмедегі адам аузын тігіп, тамырын кесіп тастады
268
Фото: Видеодан кадр

Атырау тергеу изоляторында сотталған адам аузын тігіп, тамырын кесті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Қорқынышты жағдай 7 мамырда УГ-157/9 тергеу изоляторында болған. 

Куәгерлердің айтуынша, изолятор ғимаратынан айқайлаған дауыстар естіліп, кейін камера терезесінен қанға малынған шүберектер лақтырылыпты.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға қарасақ, ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотталған 24 жастағы азамат өз-өзіне жарақат салып, қолының тамырларын кесіп, аузын тігіп тастаған. Ол осылайша Қарағандыдағы қатаң режимдегі түзеу мекемесіне этаппен жіберілуге қарсылық білдірген.

Ал сотталған азаматтың анасы ұлының жазасын үйге жақынырақ жерде өткізуін сұрап отырғанын, тым болмаса, Орал қаласында қалдыруды сұрайтынын айтқан.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий