Атырауда Жұма намазында көше жабылды

Атырауда Жұма намазында көше жабылды
15.12.2024 15:26
0
10584
egemen.kz

Атырау облыстық полиция департаменті Жұма намазы кезінде Кұлманов көшесінің неге жабылып қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Облыс полициясының мәлімдеуінше, көше бойында болған жол-көлік оқиғасына байланысты уақытша жабылған. Алайда тұрғындар оқиғаның осыншалық ауқымды болмағанын, бір көліктің екіншісін жай сырып кеткенін, бірақ зақым келмегенін және жүргізушілер ресми түрде хаттама толтырмай, келісімге келіп, тарқап кеткетін айтады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да Жұма намазы кезінде жолды жауып намаз оқуға болмайтынын еске салып, бұндай әрекеттер басқаларға зиян тигізетіні жөнінде мәлімдеме таратқан болатын. Мұхаммед пайғамбардың жолда, қоқыс алаңында, қасапхана жанында, бейіттерде және басқа орындарда намаз оқуға тыйым салғанын атап өткен еді.

Айта кетейік, Атырау қаласында 13-желтоқсанда Жұма намазы кезінде орталық көшелердің бірі уақытша жабылып, бұл тұрғындардың наразылығын тудырған. Жүргізушілер содан туған кептеліске шағымданған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или