Атыраудағы Азаттық көшесінде жас қыздан 160-қа жуық психотроптық дәрі тәркіленді

20.05.2026 13:44 Арман Ермеков
Атыраудағы Азаттық көшесінде жас қыздан 160-қа жуық психотроптық дәрі тәркіленді
89
Фото бейнеден кадр

Атырау қаласындағы Азаттық көшесінде полицейлер 160-қа жуық психотроптық препарат сақтаған жас әйелді құрықтады, деп хабарлайды Politico.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен №2 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары бірлескен жедел-іздестіру шарасы кезінде 1998 жылы туған күдіктіні құрықтаған. Тінту барысында оның жанынан Тропикамид препаратының 159 құтысы табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 301-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары психотроптық заттардың заңсыз айналымы қоғамға үлкен қауіп төндіретінін еске сала отырып, бұл әрекет үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, ал тергеу құпиялығына байланысты өзге ресми ақпарат жарияланбайды.

Жастар мәслихатының депутаты әрі кәсіпкер Құрмаш Арыстан-Бабтың мәліметіне сүйенсек, күдікті қыздың есімі Настя екені белгілі болды. Бұл оқиға Азаттық көшесінде орналасқан 46-үйдің аумағында тіркелген.

Войдите, чтобы оставить комментарий