Атыраудағы саябақта тыр жалаңаш серуендеген бала табылды (ВИДЕО)

18.08.2026 11:55 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Атыраудағы саябақта тыр жалаңаш серуендеген бала табылды (ВИДЕО)
293
Фото: Бейнеден алынған скрин

Атырау қаласындағы саябақтардың бірінде 3 жасар бала таңсәріде ата-анасынсыз, жалаңаш күйде жалғыз жүрген, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 16 тамыз күні таңғы сағат 07:25 шамасында болған. Саябақта серуендеп жүрген қала тұрғыны кішкентай бүлдіршіннің қасында ешқандай ересек адамның жоқ екенін байқаған. Жағдайдың қауіпті екенін түсінген ол бірден «102» арнасына қоңырау шалып, полицияға хабар берген.

Шақырту түскен бойда оқиға орнына патрульдік полиция қызметкері, капитан Сұлтан Сапарғалиев жедел бағыт алған. Ол небәрі 10 минут ішінде жетіп, 3 жастағы баланы өз қамқорлығына алған әрі оның қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

Бейтаныс ортада жалғыз қалған бүлдіршінге ең алдымен жылы қарым-қатынас қажет болған. Сол себепті тәртіп сақшысы оның көңілін аулап, өзін еркін сезінуіне жағдай жасаған. Осы уақыт аралығында басқа қызметкерлер баланың ата-анасын іздестіруге кіріскен.

Көп ұзамай оның анасы табылып, бүлдіршін аман-есен отбасына табысталды.

Войдите, чтобы оставить комментарий