Атыраудағы сұмдық: Наурыз бен Мейрамгүлдің мүрделерінен қорқынышты іздер табылды
Атырау қаласында табылған Наурыз бен Мейрамгүлдің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды. Бұл туралы журналист Базаргүл Нәдірқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Politico.kz сайты Turkystan.kz сілтемемен.
Оның мәліметінше, Атырау облыстық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Құттыбай Садықов марқұмдардың мүрделерінде үшкір заттан болған жарақаттардың іздері бар екенін айтқан.
«Мүрделерде үшкір заттан алған жарақат іздері бар екенін көрдік. Бұл көзге көрініп тұрған жайт. Ал оның нақты неден болғанын мемлекеттік сараптама қорытындысынан кейін айтамыз. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу аяқталған соң ғана толық әрі ресми ақпарат беріледі», – деді Құттыбай Садықов.
Еске салайық, бұған дейін бұл іске байланысты бүтін бір отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевке жаңа айыптар тағылуы мүмкін екені хабарланған болатын.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр, ал сараптама нәтижелері оқиғаның нақты мән-жайын анықтауға көмектеседі.
Последние новости