Атыраулық кәсіпкерді қатыгездікпен өлтірген адамның кім екені анықталды

30.04.2025 • 10:48 Admin
Атыраулық кәсіпкерді қатыгездікпен өлтірген адамның кім екені анықталды
434
Коллаж: Alash.kz

Атырау облысының полицейлері Бибігүл Шпанованы өз пәтерінде аяусыз өлтірді деп күдіктелген 1987 жылы туған ер адамды ұстады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктіні тінту кезінде айғақтар табылған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. 

Полиция 45 жастағы әйелдің қайтыс болуына қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы — "Кісі өлтіру" бойынша тергеуді бастады. 

Айта кетейік, 2024 жылғы 29 сәуір күні Жайық өзенінің жағалауында орналасқан беделді тұрғын үй кешендерінің бірінен жас келіншектің денесі табылып, оның зорлық-зомбылық белгілерімен көз жұмғаны анықталды. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий