Атырау әкімдігі 30 белгінің бір жол бойында қатарынан тұрғанын құптады
Желіде Атырау қаласындағы бір жолдың жаяу жүргіншілерге арналған бөлігі толықтай жол белгілерімен көмкерілгені түсірілген видео тарады.
Кадрдан тұтас көше бойына орнатылған бірдей жол белгілерін байқауға болады. Олардың жалпы саны – 30. Видео әлеуметтік желілерде тез танымал болып, қолданушылар арасында қызу пікірталас туғызды.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, барлық белгілер жоба бойынша орнатылған.
Мемлекеттік сараптамадан шыққан құжаттамаға сәйкес, мердігер мекеме жобаны жасақтап жатыр. Жоба бойынша әр белгі көрініп тұр. Белгі салынбауы керек дегеннің өзінде, ол – жобада тұрған нәрсе. Жоба әлі қабылданбаған. Қабылданған күні әр белгіні қабылдап аламыз. Сондықтан мердігер мекеменікі дұрыс. Жобада тұрса, салынуы керек. Бәрі біткен соң жолдағы жолақтар сызылады. Артынша біз жобаны қабылдап аламыз, – делінген хабарламада.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.11.2026
21:19
Шымкентте дәмхана келушілері мен күзетшілері жо...
23.11.2026
20:26
Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарту үшін э...
23.11.2026
18:30
«31 арна» Нұртілеу Жылқышыбаевты ақпараттық бағ...
23.11.2026
18:21
Тоқаев цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлық...
23.11.2026
18:08
Айбек Сыдықов жаңа қызметке тағайындалды
23.11.2026
17:01
«Студенттерге қысым көрсетіле ме»: Шекеев ҚазҰУ...