Ауғанстан билігі әйелдер жазған кітаптарды оқуға тыйым салды

Ауғанстан билігі университеттік бағдарламалардан «шариғатқа және «Талибан» қозғалысына қарсы саясатқа бағытталған» деп танылған 680 кітапты алып тастады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Олардың ішінде әйелдер жазған 140 оқу құралы мен еңбектер бар. Солардың қатарында «Химиялық зертханадағы қауіпсіздік» атты әдістемелік құрал да бар.
Бұдан бөлек, «Талибан» 18 университеттік бағдарламаны оқытуға тыйым салды. Оның алтауы әйелдер мен гендерлік тақырыптарға қатысты. Атап айтқанда, «Гендер және даму», «Коммуникациядағы әйелдердің рөлі» және «Әйелдер социологиясы» сияқты пәндер. Билік бұл пәндерді «шариғатқа және жүйенің саясатына қайшы» деп санады.
Бұған дейін «Талибан» билікке келген соң әйелдерге жоғары білім алуға тыйым салған еді және қыздардың мектепте оқуын алтыншы сыныптан кейін шектеген болатын.
Бірнеше күн бұрын «Талибанның» жоғарғы жетекшісі «азғындықтың алдын алу қажеттігін» алға тартып, кемінде он провинцияда интернетті қолдануға тыйым салды.
Соңғы жаңалықтар





