"Ауру қалса да, әдет қалмайды": Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің "жаман" жағын сөз қылды

17.02.2025 11:01
0
166
instagram.com

Мақпал Жүнісова қызының орысша жиі сөйлейтінін растады.

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің күнделікті өмірде орыс тілін жиі қолданатынын мойындады. Танымал әншінің айтуынша, қызы қазақтар саны аз жұмыс орнында қызмет атқарады, сондықтан орысша сөйлесуге мәжбүр.

“Жұмысында қазақтар аз. Көбіне орысша және ағылшынша сөйлеседі.Үйде ғана қазақша сөйлесеміз. Қыз түгілі менің өзім де кейде орысша сөйлеп кетемін. Ауру қалса да, әдет қалмайды. Ең бастысы 99% қазақша сөйлейміз”, – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар, өнер иесі Мерейдің сахнаға шығуға ниетті емес екенін атап өтті. Қызы басқа салада еңбек етіп жүргенін айтқан Жүнісова, оның шығармашылық жолды таңдамағанын жасырмады.

“Мерейдің ән айту – хоббиі. Сахнаға шыққысы келмейді. “Мама, сіз сияқты ұшып-қонып жүре алмаймын. Жол жүруден шаршаймын. Әнші болмаймын” деді. Қазір бір компанияда ағылшын тілінен аудармашы болып жұмыс істейді. Сырттай оқуын жалғастырып жатыр”, – деп жауап қатты халық әртісі. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий