Аутист балаларды өлтіру керек деген блогер кешірім сұрады

Әлеуметтік желіде аутизм диагнозы бар балалар және олардың ата-аналары туралы жағымсыз пікір жазған блогер Райхан Жұмамұратова жұрт алдына шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Блогер өзінің Facebook парақшасында жариялаған видеода бұл әрекетке сол кездегі эмоциясы әсер еткенін айтты.
«Ауыр пікір жазғанымды қаншама ата-ана жекеме шығып жатқан соң түсіндім. Аутист диагнозы осындай көп деп ойламаппын. 2 жасар бала өзімнің баламмен жасты болған соң сол баланың орнына өз баламды лақтырып жібергендей сезім болып, ашуға беріліп айтып қойдым. Шын көңілмен кешірім сұраймын», - деді ол.
Блогер ешкімді ренжіткісі келмегенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Autism Kazakhstan ұлттық қауымдастығы Бас прокуратураға және ҚР ІІМ-не блогер Райхан Жұмамұратованың пікіріне қатысты ресми шағыммен жүгінді.
Соңғы жаңалықтар





