Ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға 900 млрд теңге бөлінді
Биыл ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға 900 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.
Министр ауылдық аумақтарды дамытуға инвестиция салатын жеке кәсіпкерлердің маңызды рөлін де атап өтті. «2023 жылы кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен ауылдық жерлерде мектептер, шипажайлар, балабақшалар, демалыс орындары және басқа да нысандар салды. Министрлік тарапынан жыл сайын барлық қаржы көздері есебінен ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражатқа мониторинг жүргізіледі. Мәселен, 2023 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ басқа да қаржы көздерінен шамамен 1 трлн. теңге әлеуметтік, инженерлік, көліктік инфрақұрылымды, қоғамдық және экологиялық қауіпсіздікті дамытуға бағытталған. Биыл бұл мақсаттарға шамамен 900 млрд теңге жоспарланған», - деді Нұрлан Байбазаров.«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасын іске асыру ауылдық жерлерге жеке инвестициялар тартуға оң әсерін тигізуде. Министрлік тарапынан 2023 жылы бюджет қаражаты шығыстарының тиімділігіне талдау жүргізілді. Мысал ретінде, Түркістан облысының Төле би ауданының 16 ауылы 3,5 млрд теңгеге бюджеттен қаржыландырылды. Осы ауылдарда 21,2 млрд теңгеге 40 жобаны іске асыруға жеке инвестиция тартылды. Осылайша, 1 бюджеттік теңгеге 6 жеке инвестиция теңгесі тиесілі екенін көріп отырмыз. Ал Ақмола облысының Жақсы ауданының 6 ауылына 1 бюджеттік теңгеге 3 жеке инвестиция теңгесі тартылды», - деді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...