"Аузыма қалам тығып қоятын". Блогер өзін туған әкесі зорлағанын айтты

31.07.2026 18:42 Томирис САҒЫНДЫҚ
64
Фото ЮНИСЕФ/ Ануш Бабаджанян

Блогер Элеонора Берг бала күнінде туған әкесінің тарапынан тұрақты түрде зорлық-зомбылық көріп келгенін мәлімдеді. Ол осы сәттерді әкесінің өгей қызы да көріп қойғанын жеткізді. Оның сөзінше, отбасындағы бұл сорақы жайт жылдар бойы жасырылып келген, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ол Бота Абдрамановаға берген сұқбатында айтты. 

 «Біздің ойнаған «ойындарымызға» оралатын болсақ, олар мынадай сипатта еді: ол аузыма желім, қарындаш, қалам немесе басқа да заттарды тығатын. Кейін өзінің жыныс мүшесін салып, мен оған ми...т жасайтын едім. Қандай күйде, қалай отырғаным әлі де көз алдымда. Жалпы әкеме қатысты сол бір интимдік сәттердің бәрі егжей-тегжейлі есімде қалған. Әкем туралы басқа жылы естеліктер өте аз: маған әткеншек жасап бергені және онымен бірге Ресейге көлікпен барғанымыз ғана есімде. Бар-жоғы осы. Ол вахтада жұмыс істеді, білетінім сол ғана. Ал қазір таксиде істейді. Ол сау кезде де, ішіп алғанда да зорлық-зомбылық көрсететін. Ондай нәрсені кез келген күйде жасай беретін», — деді Элеонора Берг.

Блогер әкесі екеуінің арасындағы жыныстық қатынасты әкесінің өгей қызы байқап қалған сәтті де баяндап берді. Сонымен бірге бойжеткен сол кезде бұл жайды анасы біліп қойса, арты үлкен қайғыға айнала ма деп қатты қорыққанын жасырмады.

«Әкемнің өгей қызының бөлмеге кіріп келгенін көріп қалдым. Ол бірдеңені алып жатқанда әкем оған: «Есікті жап», — деді. Болды. Оның бізді көріп қойғанын ұқтым. Екеуміз де тырдай жалаңаш едік, мен оның бетінде отырғанмын. Ол кезде арамызда сондай "поза" болып жатқан. Әкемнің бетінде отырғанымда, ол есікті ашып кіріп келіп, бәрін көріп қойды. Әрине, мен қатты қорықтым. Ыңғайсызданып кеттім, өйткені санама бұл менің әкем екені, бұл әрекеттің қалыпты еместігі жеткендей еді. Бірақ қорқыныш бәрін басып кетті. Әкем маған сес көрсетіп, қоқан-лоқы жасады», — деді блогер.

Сөз соңында блогер анасына бұл туралы неге бұрын айтпағанын түсіндірді. Оның сөзінше, әкесі бойжеткеннің үрейін ұшырып, бұл құпия жария болса, анасы, інісі мен әжесі отырған үйді өртеп жіберетінін айтып, отбасының өмірімен бопсалаған.

«Бойымдағы осы бір түсініксіз әсерімді анама айтқым келген. Бірақ әкем маған тыйым салып: «Егер айтсаң, анаң, інің және әжең бар үйді өртеп жіберемін», — деп қорқытты. Әкемнің өгей қызы бізді сол қоқан-лоқыдан кейін көріп қойған еді. Сондықтан анам біліп қойса, не болатынын жақсы түсіндім де, оның айтып қоюынан қатты қорықтым. Бірақ тағы бір жайт бар: әкемнің сол өгей қызының өзі де телефонынан маған порно көрсететін», — деді Элеонора Берг.

Войдите, чтобы оставить комментарий