«Балалар үшін үйленбедім»: Медеу Арынбаев марқұм жары Айгүлді еске алып, сыр шертті

«Балалар үшін үйленбедім»: Медеу Арынбаев марқұм жары Айгүлді еске алып, сыр шертті
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Медеу Арынбаев өмірден өткен жұбайы Айгүл жайлы жан сырын ақтарып, шынайы сезімі мен не себепті қайта отбасын құрмағанын айтып берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Stan.kz YouTube арнасына берген сұхбатында өнер иесі сүйіктісінің қазасынан кейін орын алған жан күйзелісі туралы баяндады:

«Бір адамды өмір бойы сүйіп өтсең, тірі кезінде бағалай білсең — махаббаттың шыңы сол. Бастапқы кезде балалар үшін деп үйленбедім. Айгүл дүниеден өткенде уақыт өте келе пендешілікке салынып, басқалармен ойнап-күліп кететін шығармын дедім. Бірақ оның ыстық махаббаты, арамыздағы шынайылық қайта-қайта есіме түсе берді. Жыл өткен сайын құндылығы өсе түсті. Бір кезеңдерде кездескен адамдарды Айгүлмен салыстырдым. Менің басымдағы қайғыны Айгүл алып кеткендей, бізге тек ақ жол, жарқын өмір қалдырып кеткендей болды. Балаларды маған аманаттап тастап кеткеніне де өкінемін», — деді әнші.

Сонымен қатар, кейде жылап алатынын да жасырмады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу