"Әй, еркектер": Перизат Қайрат кезінде «Тамашада» ойнаған
 
                                «Біз біргеміз» деген қайырымдылық қор ашып, оған түскен 3,5 млрд теңгені қалтасына басқан Перизат Қайрат биыл жазда 10 жылға сотталған еді. Анықталғандай, осыдан 11 жыл бұрын ол актриса ретінде «Қуандық пен Бақыт» театрында жұмыс істеген екен, деп хабарлайды POLITICO.KZ. Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Қолымызға түскен видеоға қарасақ, Перизат Қайрат актер Қуандық Шәкіржановпен бір сахнада өнер көрсетіпті.
Видео 2014 жылы 11 қаңтарда желіге жүктелген. Перизат Қайрат онда Қуандық Шәкіржановтың әйелінің рөлін сомдаған.
Оның сондай-ақ қазіргі танымал актерлермен бірге түскен суреттері де бар.
Айта кетейік, Перизат Қайрат 2024 жылдың қарашасында қазақстандықтардың қайырымдылыққа деп жинаған 3 млрд теңгеден астам қаражатын өз қажетіне жұмсап, талан-таражға салғаны үшін ұсталған.
Соңғы жаңалықтар
 
                                         
                                         
                                         
                                         
                            