Аяғы ауыр Ерке Есмахан ай-күні жақындап қалғанын айтты

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан жақын арада сәбилі болатынын айтты.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында арманындағы өмірді сүріп жатқанын мәлімдеді.
Пейіліңе қарай пейішің! Мен өзімді осы жасымда дәл осындай статуста боламын деп мақсат еткен едім. Міне, Аллаға шүкір, арманым орындалған жанмын. Өнерде жолым болып, еліме еркелеп жүрген әншімін. Сүйіктімнің сүйіктісі, шаңырағымыз сәбилердің күлкісіне толған ата-ана, жанұямыз. Аллаға сааансыз шүкір айтамын, - деді ол.
Ал бұл нәтиженің барлығы тынымсыз еңбектің арқасы деп санайды.
Жүрек тыныштығымен, жан мен тән үйлесімділігін тапқаны ол менің ақ ниетіммен, көп нәрсеге сабырлықпен қарап, тоқтаусыз еңбегімнің жемісі деп білемін.
Менің өмірімдегі барлық ғажайып сіздерге де жұғысты болсын.
Осындай жүрекжарды жазба қалдырғым келді. Соған қарағанда, іңгәләп бөпетайымыздың өмірге келуіне санаулы күндер қалды-ау, - деді Ерке.
Соңғы жаңалықтар





