«Аяғы ауыр сияқты»: 48-жастағы Айгүл Иманбаеваның желідегі суреті оқырмандардың назарын аударды

Танымал әнші Айгүл Иманбаева жолдасы Ерлан Болатұлын туған күнімен құттықтап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өнер иесі бүгінде жұбайымен Америкада тұрып жатыр.
«Бүгін - менің жүрегімнің иесі, асыл жарым Ерлан Болатұлының туған күні. Жаным, сені кездестірген тағдырыма алғысым шексіз! Маған еркелеуді, нәзік болуды, махаббаттың не екенін сездіргеніңе, мені сүйген жүрегіңе мың алғыс! Бақыттың бақшасында бірге ғұмыр кешейік», – деп жазды әнші.
Әлеуметтік желі қолданушылары ерлі-зайыптыға бақыт пен ұзақ ғұмыр тіледі. Сонымен қатар, кейбірі әншінің жүкті екенін жарыса жазып жатыр.
«Жүкті болған жарасады екен», «Айгүлдің шын бақытты болатын уақыты келді», «Әрқашан бір-біріне еркелеп жүреді», «Аяғыңыз ауыр сияқты», «Екеуіңіз сондай тамаша жұпсыздар», «Айгүл ханым жыл өткен сайын жасарып келеді», – деп пікір қалдырды көпшілік.
Соңғы жаңалықтар





