«Аяқтан шалды»: Демеу Жадыраевтың жеке бапкерін федерация Парижге жібермеген

«Аяқтан шалды»: Демеу Жадыраевтың жеке бапкерін федерация Парижге жібермеген
07.08.2024 18:22
0
645

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалына шыққан Демеу Жадыраевтың жеке бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Боранбек Қоңыратов Францияға жіберілмеген, деп хабарлайды Politico.kz.

Бклгілі болғандай, ол биыл Алматы облысында жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында тәртіп бұзғаны үшін жазаға тартылған. Сол үшін жыл соңына дейін бапкерліктен шеттетіліп, Парижге де бара алмай қалған. Финалға шыққан шәкіртіне нұсқаулықты тек телефон арқылы беріп отырды.

«Спортта жүргеніме қанша жыл болды. Мұндай жағдайларға үйреніп қалғанмын. Аяқтан шалу деген біз үшін үйреншікті жайт. Сол күнгі жағдайға оралар болсам, мен кілемге жүгіріп шығып, төрешіні ұрғаным жоқ. Бірақ төреші шешіміне риза еместігімді айтып, қастарына барғаным рас. Даусым қатты шығып, дөрекі сөйлегенімді де жасырмаймын. Өйткені, спорт – үлкен эмоция. Қаның қызып тұрғанда неше түрлі нәрсе айтуың да мүмкін. Оның үстіне, сенің шәкіртіңе қатысты әділетсіздік көрсетіп жатса, тіпті, ашуланасың. Менің балуаным күресіп жатқанда, қарсылас тарап челлендж сұрады. Сол кезде Игорь Лигай бастаған төрешілер қарсылас жақ сұраған сол сәттегі эпизодты қарамай, бір минут бұрын болған күресті көрсете бастады. Осы кезде мен мұның дұрыс еместігін айттым, қастарына бардым, эмоциямды жасыра алмадым. Содан соң, осындай шешім шықты», – дейді Боранбек Қоңыратов.

Айта кетейік, Боранбек Қоңыратов 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін республикалық және халықаралық жарыстардан, сондай-ақ, жас ерекшелігінен тыс ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындарынан шеттетілген.

Фото: Olympic.kz

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или