Айдана Меденова босану кезінде ес-түссіз қалған

Айдана Меденова босану кезінде ес-түссіз қалған
22.10.2025 19:40
0
93

Танымал әнші Айдана Меденованың күйеуі Әлішер әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайының босану кезінде бастан өткерген ауыр сәттерін баяндады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оның айтуынша, Айдана кенже қызын дүниеге әкелу барысында ес-түссіз қалып, дәрігерлер шұғыл түрде ота жасауға мәжбүр болған.

«Менің Ханифам — менің бесінші балам. Өмірінің алғашқы минуттарын менің кеудемде өткізген жалғыз бөпем… Бірақ бәрі жоспардағыдай болмады, біз Айдананы жоғалтып ала жаздадық», — деп жазды ол.

Әлішердің сөзінше, бәрі қалыпты басталғанымен, күтпеген жерден дәрігерлердің дауысы естілмей қалған. Біраз сәттен соң медициналық қызметкерлер жүгіріп шығып, Айдананы операцияға алып кеткен.

«15 минуттан кейін маған қызымды алып келіп, кеудеме жатқызды. Ал Айдана сол сәтте ес-түссіз, жедел операциядан кейін жатқан еді. Алланың қалауымен бәрі жақсы аяқталды. Дәрігерлер кәсіби әрі жылдам әрекет етті», — деп бөлісті Әлішер.

Ол өз жазбасында сол ауыр түнді енді ғана күлімсіреп еске ала алатынын айтып, дәрігерлерге алғыс білдірді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий