Әйел 12 жастағы туған қызын өлтіруге тапсырыс берген

Ресейдің Челябі облысында 46 жастағы әйел өзінің 12 жастағы қызын өлтіруге тапсырыс берді деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр. Бұл туралы аймақтық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Қызын өлтіру үшін танысына 100 мың рубль ұсынған
Оқиға Кизиль ауданындағы Измайловский елді мекенінде болған. Тергеу мәліметінше, биылғы сәуір айында әйел адам ішімдік ішкен күйде бұрын сотталған танысына қызын өзенге батырып өлтіруді ұсынған. Ол қылмыс орындалғаннан кейін 100 мың рубль беретінін айтып, баланың қазасын растайтын дәлел талап еткен.
Қылмыс жүзеге аспады: рецидивист полицияға жүгінген
Алайда күдіктінің танысы тапсырысты орындаудан бас тартып, бірден полицияға хабарлаған. Сол арқылы қыздың өмірі сақталып қалды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды
Қазіргі таңда 46 жастағы әйелге қатысты қасақана кісі өлтіруге итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындамай отыр және істі қазылар алқасының қатысуымен қарауды талап еткен.
Қылмыстық іс Агапов аудандық сотына жолданып, алдағы уақытта мәні бойынша қаралады.
Соңғы жаңалықтар





