Әйел 22 пышақ жарақатынан тірі қалды: оны силикон көкірегі сақтап қалған

22 мамыр күні кешке Қытайдың Ханчжоу қаласында 30 жастағы Ма есімді әйелге шабуыл жасалды. Әйел көлікке мінгелі жатқанда, белгісіз ер адам алдыңғы орындыққа отырып, оған пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен. Жанұшыра айқайлағанымен, айналадағылар көмекке келмеген.
Қаскүнем Ма-ны көлік тұрақ ақысын төлеуге мәжбүрлеп, оны сауда орталығынан шығарып, көрші ауданға апаруын талап еткен. Жолда ер адам назарын басқа жаққа аударған сәтте, әйел жігітіне хабарлама жіберіп үлгерген. Жігіті GPS арқылы орналасқан жерін анықтап, полицияға хабарлаған.
Мақсатты орынға жеткенде, ер адам әйелден ақша талап еткен. Ма-ның ақшасы жоқ екенін білген соң, күдікті оны таныстарынан қарыз сұрауға мәжбүрлемек болған. Сол кезде оқиға орнына полиция келіп жеткен. Оларды көрген күдікті әйелге пышақпен шабуылдап, кейін өзін-өзі өлтірген.
Ма 22 пышақ жарақатын алғанымен, оның өмірін силикон импланттары сақтап қалған. Пышақ жараларының басым бөлігіне кеудесіндегі силикон тосқауыл болған. Әйел тек өкпесіне бір рет жарақат алған. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр.
Соңғы жаңалықтар





