Әйел мұраға қалған 30 млн теңгені байқамай қоқысқа лақтырып жіберген

Әйел мұраға қалған 30 млн теңгені байқамай қоқысқа лақтырып жіберген
30.07.2025 09:10
0
458
pixabay.com

Ресейдің Завитинск қаласында ерекше жағдай тіркелді: қоқыс полигонынан табылған 6 миллион рубльді (шамамен 30 миллион теңге) жергілікті тұрғындар ішімдікке, саунаға және жаңа үйге жұмсап жіберген. Бұл туралы Baza Telegram-арнасы хабарлады.

Оқиға марқұм әкесінің үйін жинастыруға келген Наталья есімді әйелдің әрекетінен бастау алған. Ол әкесінен қалған үйді ретке келтіріп, қажетсіз заттарды қоқысқа шығарған. Біраз уақыт өткен соң Наталья әкесінің үй алуға жинап жүрген ақшасын — 6 миллион рубльді таба алмай қалғанын байқайды.

Кейінірек белгілі болғандай, ақша ұн салынған қаптамаларда сақталған және олар басқа заттармен бірге кездейсоқ қоқысқа тасталып кеткен. Бір қызығы — бұл қаражатты көрші тұрғындар тауып алған.

Наталья көршілерге барып мән-жайды сұраған, алайда олар ақшаны таппадық деп, бәрін жоққа шығарады. Бұған қанағаттанбаған әйел полицияға арыз түсіреді.

Құқық қорғау органдарының тексеруі нәтижесінде белгілі болғандай, көрші әйел ақшаның бір бөлігін ішімдік пен саунаға жұмсап, қалғанына жаңа үй сатып алған. Тергеу кезінде ол бастапқыда «ақшаға сатып алған үйді бір топ жасөспірім тонап кетті» деп жалған ақпарат бергені де анықталған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий