Әйел дәрігер болып жалған дипломмен 20 жыл жұмыс істеген

Әйел дәрігер болып жалған дипломмен 20 жыл жұмыс істеген
19.06.2025 10:10
0
241
pexels.com

Ұлыбританияда психиатр ретінде жұмыс істеп келген ирандық Жолия Алеми жалған диплом арқылы медицина саласында 20 жылдан астам қызмет атқарғаны анықталды. BBC хабарлауынша, сот оны £400 мың мөлшерінде өтемақы төлеуге міндеттеді.

Алеми 1990 жылдары Жаңа Зеландиядағы Окленд университетінде оқығанымен, медициналық және хирургиялық бакалавр дәрежесін ала алмаған. Себебі оған емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмеген. Соған қарамастан, ол дипломды қолдан жасап, Ұлыбританияның Бас медициналық кеңесін (GMC) өзінің біліктілігіне сендіре алған және медициналық қызмет көрсетуге лицензия алған.

2023 жылы Алеми 20 түрлі құқықбұзушылық, соның ішінде құжаттарды қолдан жасау айыбы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 62 жастағы әйел өз кінәсін мойындамаған.

Жақында өткен сот процесінде ол «мемлекеттік бюджетке алаяқтықпен зиян келтіру» бабы бойынша да кінәлі деп танылды. Тергеу нәтижесінде, Алеми Англияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінде (NHS) жұмыс істеп жүріп, 1,3 миллион фунт стерлингтен астам қаржы тапқаны белгілі болды. Сот шешімімен ол NHS-ке £406 мың қайтаруы тиіс немесе тағы екі жарым жыл түрмеде отырады.

Айта кетейік, бұған дейін жалған дәрігер бөксе имплантын алып тастай алмай, науқасты операция үстелінде тастап кеткені туралы мәлімет тараған болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий